Түйемойнақ аралындағы ескі көпір тұрғындарға қауіп төндіріп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түйемойнақ аралындағы ескі көпір тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

Түйемойнақ аралындағы ескі көпір тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

Семейдегі Түйемойнақ аралының тұрғындары жалғыз әрі ескі өткелдің қауіп төндіріп тұрғанын айтып, шу шығарды. Олардың айтуынша, қаламен екі ортаны жалғап тұрған көпір соғыс жылдарынан кейін салынған екен. Содан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген.  Бүгінде төселген бетондар мүжіліп, шұрық тесіктер пайда бола бастаған. Оны өздері таспен бітеп қойыпты.

  • 14 Тамыз 2015
  • 272
Фото - Caravan.kz

Мақсұт Оспанов, Түйемойнақ аралының тұрғыны:

— Былай секілдесен мост деген қалшылдап тұр. Біз жаяу өтуге қорқамыз. Ал, бұны сонда күту керек пе, авария немесе біреу мертіккенше?

Тұрғындар өткелді жөндеуді ертерек қолға алмаған жергілікті шенуніктерге наразы. Тіпті ықшамауданға түнгі уақытта жедел жәрдем көліктері келуден бас тартады екен. Сырқаттанғандар екі шақырым қашықтықтағы күре жолға жаяу шығуға мәжбүр. Ал, ауыр салмақты көтере алмайтындықтан жүк көліктері мүлдем өтуден қалған. Енді, халық жалғыз жол болғандықтан қысқы отын-суына тапсырыс бере алмай отыр. Қалаға қатынайтын жеңіл автокөліктермен жолаушылар тасымалымен айналысатын шағын автобус әупірімдеп жүріп жатыр. Олардың өзі шіріген көпір опырылып опат боламыз ба деп алаңдаулы. Ал жергілікті билік бұл мәселеге қатысты жұмған аузын ашпай отыр.

Соңғы жаңалықтар