Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Неге біздің осы уақытқа дейінгі үлкен жұлдыздарымыз, әншілеріміз – Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісовалар неге бұлай істемейді? Неге шулатпайды? Ашық денелерін көрсетпейді? Неге Кәмшат Жолдыбаева сияқты екі жігітпен сүйіспейді? Төреғали сияқты неге шекараны бұзбайды немесе сахнада тұрып, елді балағаттамайды? Біздің қазіргі эстрадада “бардак”. Әркім ойына келгенін істейді, тыйым жоқ. Осыған тоқтам жасайтын нәрсе керек.
Біздікілер түк көрмеген адамдар болады ғой. Жоқ болып, аяқ жағында не істерін білмей қалатын. Дәл сондай қылықтар жасайды. Төреғалидің де, Еркенің де әртүрлі қылықтары, өздері “хайп” дейді екен оны… Адам жиіркенетін нәрселерін жариялап, танымал болып жатырмыз деп ойлайды. Бұлар жиіркеніш тудырып жатыр. Ешқандай да сүйікті жұлдыз емес. Мен сияқты ойлайтын адамдар көп деп санаймын.
Өзіміз қолдан жасадық. Оларды тыйып ұстау мүмкін болмай кетті. Қазір демократиялық уақыт қой. Кім не істегісі келеді, істей береді. Бірақ телевизияда, эфирден көрініп жүрген адамдарға бұл жараспайды”, – дейді журналист.