Түлектер емтихан тапсыруды бастады - ҚР ҚМ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түлектер емтихан тапсыруды бастады - ҚР ҚМ

Түлектер емтихан тапсыруды бастады - ҚР ҚМ

ҚР ҚМ Құрлық әскерлерінің Әскери институтын биыл бітіретін түлектер белдерін бекем буып мемлекеттік емтихан (Мемлекеттік аттестация) тапсыруға кірісті,

  • 15 Маусым 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Биыл аталмыш әскери оқу орнының жоғары курс курсанттары он үш мамандық бойынша емтихан тапсырмақ. Институтты бітіретіндердің тұңғыш рет «Әскери аударма ісі», «Әскери аймақтану» мамандықтары бойынша білім деңгейлері (екі шетел тілін білу арқылы) бағаланатын болады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тарапынан мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағасы болып Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары — жауынгерлік әзірлік Бас басқармасының бастығы генерал-майор Құрбан Қаражанов бекітілді.

Болашақ офицерлер мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Бүгінге дейін бес мемлекеттік емтиханның төртеуі тапсырылды. Орташа балл 4,6 құрап отыр. Жоғары нәтиже 5,0 балл. Оған 3-ші ротаның 1-ші взводының жеке құрамы (дене тәрбиесі пәнінен) және 13-ші ротаның 1 взводы (ағылшын тілінен ауызша және жазбаша тапсырудан) қол жеткізді.

Құрлық әскерлері Әскери институтын бітіргендігі туралы дипломдар тапсыру салтанаты 25 маусымда болады.

Соңғы жаңалықтар