«Тұлпар-Тальго» жолаушылары сапар бойы тегін кино көру мүмкіндігіне ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тұлпар-Тальго» жолаушылары сапар бойы тегін кино көру мүмкіндігіне ие болды

«Тұлпар-Тальго» жолаушылары сапар бойы тегін кино көру мүмкіндігіне ие болды

«Астана-Алматы» және «Алматы-Петропавл» бағытында қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойызының 4 құрамында мультимедиялық ойын-сауық порталы іске қосылды.

  • 21 Қазан 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Портал жолаушыларға алуан жанрдағы фильмдерден, әртүрлі ойындардан  тағы басқа да қызметтерден тұратын медиатекаға қосылуға мүмкіндік береді. Онда отандық және әлемдік кинофильмдер мен мультфильмдердің ауқымды топтамасы жинақталған және олар мүмкіндігінше жаңа өнімдермен жаңғыртылып отырады. Барлық медиаконтентті жоғары сапада тамашалауға болады

Сондай-ақ, жолаушылар портал арқылы пойыздардың жүру кестесімен танысып, қажетті қаладағы қонақүй немесе такси бағасын анықтап, түрлі жаңалықтарды оқып, сервис және қызмет көрсету сапасына қатысты өз пікірі мен ой-ұсыныстарын жазып қалдыра алады.

Мультимедиялық порталға қосылу «Гранд», «Бизнес» және «Турист» вагондарының барлық жолаушылары үшін тегін. «Гранд» пен «Бизнес» жолаушылары видеотеканы толық тегін көрсе, «Турист»  вагонының жолаушылары тек фильмдерді ғана қалауынша қосымша ақы төлеп тамашалай алады. 

Осы жылдың аяғына дейін бұл қызмет «Тұлпар-Тальго» пойызының барлық 12 бағытына енгізілмек.


Сонымен қатар, жуырда «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен пошталық корреспонденцияларды жедел тасымалдау қызметі  («Қазпошта» АҚ бірге) де іске қосылмақшы.

Қазірдің өзінде Астана және Алматы-2 вокзалдарында орналасқан «Қазпошта» нүктелерінде салмағы 3 кг дейінгі сәлемдемелер қабылдана бастады. Сіздің сәлемдемеңіз енді тәулікке жетпейтін уақытта пойызбен  діттеген жеріне жекізілмек.

Жылдың соңына дейін бұл қызмет облыс орталықтарын түгелдей дерлік қамтитын болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.