Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы сақтиалады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Болжам бойынша, таяу күндері республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклон ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, онда найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
"Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Елдің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Температураның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді", — делінген хабарламада.