"Тұман түсіп, үсік жүреді": Мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұман түсіп, үсік жүреді": Мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады

"Тұман түсіп, үсік жүреді": Мереке күндері елімізде ауа райы қандай болады

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды.

  • 7 Мамыр
  • 8
Фото - Caravan.kz

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, кейбір облыстарда жаңбыр жауып, үсік жүреді, деп жазады «Қазгидромет»-ке сілтеме жасаған Caravan.kz.

Бүгін түнде Абай облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігіне тұман түседі. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

7-8 мамырда Түркістан облысының батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

7 мамыр күні түнде және таңертең Ақтөбе облысының оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Бүгін Маңғыстау облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сондай-ақ, бүгін Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сол сияқты бүгін күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батыстқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

7 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болмақ. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мереке күндері Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 7 мамырда Атырау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алдағы күндері қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар өңірде судың жайылуы мен су басуы мүмкін. 7 – 13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

Бүгін Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7 мамырда түнде Павлодар облысының шығысында 2 градус үсіқ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ертең түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. 7 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысын тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.