«Тұмаудың өршуіне байланысты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі қала әкімшілігі мен білім басқармасына эпидемияға қарсы шаралар жүргізу мақсатында және де тұмаудың өршу кезеңінде науқастармен ара-қатынасты үзу үшін барлық мектептерде сабақтардың тоқтатылуын талап еткен хат жолдады»,- деді С. Щербина.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, Орал қаласындағы мектептердің 98 пайызында оқушылардың тұмауға шалдыққаны тіркелген. Облыс орталығындағы мектепте оқитын барлығы 5 мыңға жуық оқушы ауырған.
Санитарлық дәрігерлердің мәліметтеріне сүйенсек, Батыс Қазақстан облысы бойынша тұмаудың эпидемиялық шегі 1,7 есеге асып кеткен. Барлығы 7134 науқас тіркелген. Орал қаласындағы ауырғандардың 75 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.
Қалалық әкімшілік пен қалалық білім беру бөлімінің шешімімен Орал қаласындағы мектептерде ақпанның 7-сінен 14-не дейін сабақ тоқтатылды.
Сонымен қатар, С. Щербина санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті облыстың тұмау өршіп тұрған бірқатар аудандарында да сабақтардың тоқтатылуы қажеттігін ескеткенін хабарлады. Қазіргі күні Батыс Қазақстан облысының бірнеше аудандарында сабақтар тоқтатылған.
Дегенмен, ол Оралдағы барлық бала бақшалардың қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқандығын, олардың бір де біреуі жабылмағандығын хабарлады. «Бұл мектепке дейінгі мекемелерде тұмаудың ошағы байқалмағандығына байланысты», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті