«Тұмшаланып, юбкасымен жер сыпырып жүр»: Белгілі психолог сақал қойып, қысқа балақ киген қазақтарға шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тұмшаланып, юбкасымен жер сыпырып жүр»: Белгілі психолог сақал қойып, қысқа балақ киген қазақтарға шүйлікті

«Тұмшаланып, юбкасымен жер сыпырып жүр»: Белгілі психолог сақал қойып, қысқа балақ киген қазақтарға шүйлікті

Танымал психолог, блогер Шолпан Тоқтап кезекті бір саяхатында бедуиндердң көргенін мәлім етті. Айтуынша көптеген араб елдерінің өзінде ерлері сақал қойып, әйелдері хиджаб киюге әуес емес екен.

  • 27 Наурыз 2023
  • 89
Фото - Caravan.kz

Бұл ретте блогер өркениеттің ортасында отырып, қазақ азаматтарының өзге дін ағымында кеткеніне шүйлікті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Психологтың айтуынша араб елдерінің өзінде жергілікті халық хиджаб кимейді. Олар ұлттық «чалма» деп аталатын киімдерін киеді екен.

«Бидуины деген халық әлі бар екен. Пайғамбарымыз Мұхаммед. с.у.а көзіне қара бояу жаққан деп еркегі де, әйелдері де көздерін бояп алады екен. Естімеген ел де көп деген… Телефонымда переводчик бар. Сол арқылы біраз сұрақтар қойдым.
Әйелдерің хиджап кие ме десем: «Жоқ, өзіміздің ұлттық чалма орамал бар, соны байлаймыз дейді. Хиджаб деген шығысқа қарай тұратын арабтардың желден, ұшқан құмнан, қатты күймес үшін күннен киетін қорғаныстары дейді. Бізде паранжа киетін бедуиндер бар, олар құмда тұрады дейді. Иорданияда, құмда арабтарға жақын тұратын елдер даже хиджаб кимейді.

Неге біздің тұмшаланып, юбкасымен жер сыпырып жүрген қазақтар еліктегіш екен деймін де… Солардың санасын кім лайлады екен? Петраны көруге қазақтар көп барыпты, солардың арасында хиджап кигендер де болды, бедуин ұлтының жігіті оларды маған көрсетіп: «түркімендер шығар» дейді. «Иә», — дей салдым. Жүре берсең көре бересің, ести бересің деген… Петра деген қала құмнан, қыш сияқты сары топырақтан соғылған мекен екен. Өте әдемі, табиғаттың бір сырындай cары дала. Тау мен тасты, құм мен құрғақшылықты жағалап жүріп өз дәстүрлерін дәріптеп, хиджапқа тәуелді емес… Неге цивилизацияның дәл ортасында отырып біздің қазақ неше ұғымға, неше ағымға бөлініп кетті екен деп ойланып отырып қалдым.

Ана сақал теке, қысқа балақ, бетіне дейін тұмшалап, 4-5 жастағы сәбиге дейін хиджап кигізіп қоятындарды теріс ағымнан қызғанамын…. Қазақта: апалар кимешек, қалыңдық- қыздар үкілі тақия, сәукеле, бөрік, келіндер ақ оркмал, т. б өзіміздің ұлттық ғажап киімдерімізге не жетсін! Саяхатқа шықсаңыздар әдемі ұлттық оюмен қазақ киімін алып алыңыз!», — деп сөзін аяқтады ол.


Желі қолданушылары психологтың сөзін жаппай қолдаған. Олар:

«Қазақ хиджаб демей ақ әдемі жабық киініп жүрді. Әуретті жерін жауып ашық шашық киінбей қыздарымыз сыпайы боп жүрсе болды», «Орамалға келдім деп хиджаб киіп алады ғой, маған да ұнамайды хиджаппен тұмшаланған», «Санасы уланған деп ойлаймын. Теріс ағыммен өмір сүріп жатқандар ол кісілер», — деп жазды олар.