Түн ортасында үйге соғылып, қабырғасын опырған “Ленд Крузер” жүргізушісі қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түн ортасында  үйге соғылып, қабырғасын опырған  “Ленд Крузер”  жүргізушісі  қашып кетті

Түн ортасында үйге соғылып, қабырғасын опырған “Ленд Крузер” жүргізушісі қашып кетті

Павлодарда “Ленд Крузер” көлігі жер үйге соғылды. Абырой болғанда адамдар дін аман.

  • 2 Маусым 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz

Оқиға таңғы сағат 4-те орын алды. Куәгерлердің айтуынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан джип қарсы бететаксимен қақтығысып, жол жиегіндегі жер үйге соғылған. Соның салдарынан үйдің терезесімен қоса қабырғасы опырылып түсті. Шырт ұйқыда жатқан үй иелері естерін жия алмай,есеңгіреп қалды. 90 жастағы қарияға дереу дәрігердің көмегі керек болды. Ал  джип көлігінде отырған екі жігіт көліктерін тастап, оқиға орнынан ізін суытыпты. Қазір оларды полиция қызметкерлерімен бірге  зардап шеккен такси жүргізушісі де іздестіруде.

Амангелді Мұхаметжанов, такси жүргізушісі:


Ақырын, 40-пен келе жатқан шығармын, ал анау тура  100-бен  келе жатты. Қарасам, маған қарай келе жатыр, мен  жолдың жиегіне бұрдым. Жағымды сырып, артқы доңғалағымды жұлып алды, бамперімді. Сосын мына жаққа лақтырып жіберді де, үйге соғылды.    

Татьяна Кошурина, үй иесі: 

— Қатты шудан оянып кеттім. Көліктің дабылы іске қосылды. Соғыс басталып кетті екен деп ойладым. Киім шкабы құлай бастағанда бөлмемнен атып шықтым.  

Соңғы жаңалықтар