"Түнде бөтен еркектер хабарласады": Телефон нөмірі фильмде тоқал ретінде көрсетілген әйел көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түнде бөтен еркектер хабарласады": Телефон нөмірі фильмде тоқал ретінде көрсетілген әйел көмек сұрады

"Түнде бөтен еркектер хабарласады": Телефон нөмірі фильмде тоқал ретінде көрсетілген әйел көмек сұрады

Отандық фильмдердің бірінде тоқал болатын қыздың нөмірі ретінде 5 балалы ананың ұялы телефон нөмірі айтылған.

  • 12 Ақпан
  • 151
Фото - Caravan.kz

Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, кинодағы бұл қателік бір отбасының шырқын бұзғалы тұр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"КҮЙЕУІМЕ ТОҚАЛ ІЗДЕЙМІН
Дәл осындай атаумен фильм бар екен, өзім көрмедім. Дегенмен, осы фильм кесірінен бір отбасының шырқы бұзылып, ажырасу алдында тұр.
Фильмде тоқал болатын подружкалардың тел. нөмірін сұрайды, ол 874763419.. деп айтады.
Сөйтсек, өмірде ол нөмір 5 баланың анасы Қарлығашқа тіркелген екен. Енді киноны көрген әр еркек қызық үшін осы нөмірге хабарласуда. Шырт ұйқыда жатқан ерлі-зайыптылар шошып оянып, айрандай ұйыған отбасының шырқы бұзылуда. Жаныңдағы әйеліңнің телефоны түнімен безек қағып, ар жақтан біреу “Қарындас, танысайық” деп тұрса қай еркек жақсы көрсін?!
Фильм түсірушілердің өмірде бар , өзгеге тиесілі тел. нөмірін үлкен экранда атап көрсетуі қаншалықты заңды??? Жеке өмірге қол сұғу деген бап бар емес пе заңгерлер???", — деп жазды журналист.

Ал телефонына тыным болмаған Қарлығаш Гүлмира Әбіқайдан көмек сұраған.

"Қазақстанда күйеуіме тоқал іздеймін деген түсірілген екен. Сол кинода тоқалдыққа әйел іздейді, және менің нөмірімді береді. Маған түнде бөтен еркектер танысайық деп хабарласып, мазамды алып жатыр. Менің 5 балам мен күйеуім бар. Осы киноның арқасында үйде күнде жанжал", — делінген киногерлердің қателігінен зардап шеккен әйелдің хатында. 

Фильм продюсері бұл мәселені шешуге ешқандай әрекет жасамаған көрінеді. 

 

 

Соңғы жаңалықтар