Жарияланды: 380

Түнде шыққан өрттің салдарынан Өзбекстан азаматы мерт болды

Бүгін түн ортасында Алматы облысының Қаскелен қаласында тұрғын жай ретінде пайдаланылып келген вагоншадан өрт шықты, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нан. 12 шаршы метр аумаққа тараған жалын 45 минуттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында вагонның ішінен 36 жастағы ер адамның - Өзбекстан азаматының мәйіті табылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін