Тұңғыш Президент күніне орай ақшалай көмек! - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғыш Президент күніне орай ақшалай көмек!

Тұңғыш Президент күніне орай ақшалай көмек!

Тұңғыш Президент күніне орай Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек ретінде 10 мың теңгеден беріледі.

  • 26 Қараша 2012
  • 623
Фото - Caravan.kz

Аstana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуованың мәлімдеуінше, банкілік карталарына аударылған 10 мың теңгеден бөлек, ардагерлерге жеке шоттарына тағы 20 мың теңгеден, ал оларға теңестірілгендерге 10 теңгеден аударылады. «Төлемдерді біз 1 желтоқсанға дейін аяқтаймыз», — деді Л.Әбуова.

Бүгінгі күні елордада материалдық көмек көрсетілетін 319 ардагер тұрады.Астана қаласының бюджетінен ақша түріндегі әлеуметтік көмекке 125 млн. теңге қарастырылған.

Астана қаласының ресми сайтының хабарлауынша, бұл туралы бүгін «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында әлеуметтік акция өткізуге арналған баспасөз мәслихатында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуова мәлім етті.

«Ақша түрінде әлеуметтік көмек тұрғындардың келесі санатына: 20 мың теңге — 322 Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне, 10 мың теңге — ҰОС, ауған, чернобыл мүгедектеріне — 1906 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСРО-ның ордендерімен, медальдарымен марапатталған 4629 адам, тыл еңбеккерлеріне, ҰОС қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне — 399 адам, бейбіт күнде көз жұмған әскери қызметшілердің отбасыларына — 269 адам, екі бірдей немесе жалғыз ата-анасынан айырылған жетім балаларға — 645 бала, 18 жасқа дейінгі екі және одан да көп баласы бар көпбалалы 3527 отбасына берілді. Осы мақсаттарға Астана қаласы бюджетінен 125 млн. теңге бөлінді», — деді ол.
Бүгінде елордада тұрмысы төмен 995 отбасы тұрады, олардың 199-ы тұрақты түрде атаулы көмектер алады.

Тұңғыш Президент күніне орай тұрмысы төмен барлық отбасыларға азық-түлік қалталары үлестірілетін болады, деп хабарлайды «Байтерек» халықаралық баспасөз орталығы.

«Жиынтыққа 50 келі картоп, 25 келі күріш, 5 келі қант пен 5 литр күнбағыс майы енгізілген. Барлық азық-түлік тағамдары қарашаның 28-інен 30-ына дейін аталған отбасылардың үйлеріне апарып беріледі», — деді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуова.

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу — Елбасына және оның өлшеусіз еңбегіне көрсетілген құрмет.

Астана қаласының ресми сайтының хабарлауынша, Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» Халықаралық медиа орталығында Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында әлеуметтік акция өткізуге арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Олжас Омардың мәлімдеуінше, Тұңғыш Президент күніне орайластырылған акцияны өткізуге Астана қаласының мәслихаты көмек көрсетуде.

Тұңғыш Президент күніне орай елорданың жекелеген санаттағы отбасыларына азық-түліктер жиынтығы, қамқоршылар қарауына алынған жетім балаларға сыйлықтар үлестіріледі. Сондай-ақ 1 желтоқсанда дүниеге келген сәбилердің аналарына сыйлықтар берілетін болады.
Сондай-ақ, 1 желтоқсанда Елбасының жаңа Байрағын көтеру салтанатты рәсімі өтеді.

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай Елбасының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Байрағын көтеру салтанатты рәсімі өтеді»,-деді ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 31 қазандағы Жарлығымен Президенттің Байрағына кейбір жаңа өзгеріс енгізілген болатын.