Жарияланды: 350

Тұңғыш Президент күніне орай мұнайшылар 40 ардагерге шипажайға жолдама сыйлады

Бүгін Атырау облысында Мақат ауданының 40 соғыс және тыл ардагері «Атырау» шипажайына жолдама алды.

Ардагерлерге жолдаманы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» және «Аджип ККО» компаниялары тарту етіп отыр. НКОК компаниясының өңірлік директоры Рүстем Ілиясов барлық ардагерлерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық тіледі. - Мен консорциумның алдағы уақытта да жерлігікті тұрғындарды қолдау бойынша міндеттерді әрі қарай жүзеге асыратынын атап өткім келеді. Біз өзіміз жұмыс істейтін өңірлердің тұрғындарына пайда тигізсек деген ниеттеміз. Біздің әлеуметтік-бағытталған қызметіміз халықтың аз қамтылған бөлігіне көмек көрсетуге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, оның ішінде электр және газ жүйелерін тартуға, сумен жабықтауға, жолдар мен мектептерді, балабақшаларды салуға бағытталған, - деді Р. Ілиясов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін