Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас ж

  • 16 Қараша 2016
  • 568
Фото - Caravan.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Қожамжаров актердің қайтарған сомасын айтты.

"Бүгінге дейін шамамен 6 миллион теңгесін қайтарды. Ол "Қазақфильмге" барлық қарызды өтеп беретінін мәлімдеді, ол өзіне осындай міндетті алды", — деді Қайрат Қожамжаров Мәжіліс отырысының үзілісінде журналистерге.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әртістің кепілмен босатылғанын еске салды.


Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын. Кейін ол өз кінәсін толықтай мойындады.