Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі  шықты

Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты

Медеу аудандық №2 сотының судьясы Тәкен Шәкіров "Феникс" фильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша үкім

  • 1 Маусым 2017
  • 421
Фото - Caravan.kz

Медеу аудандық №2 сотының судьясы Тәкен Шәкіров "Феникс" фильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша үкім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Соттың үкіміне сәйкес, Тұңғышбай Жаманқұлов 189-бап ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпты деп танылды. Ол 7 жыл шартты түрде сотталды. Сонымен қатар, ол 5 жылға басқарушы қызметтерді атқара алмайды. Рақымшылыққа байланысты, Жаманқұловтың жаза мерзімі екі есе қысқартылды. Режиссер Талғад Жәнібеков те айыпты деп танылып, ол шартты түрде 7 жылға сотталды, ол да бес жылға басқарушы қызметтерді атқара алмайды. Судья оның бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға ауыстырды.

"Қазақфильм" АҚ бұрынғы топ-менеджері Гауһар Ысқақова "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" бабы бойынша айыпты деп танылды. ол 1 жылға шартты түрде сотталды. Ол сот залында қамаудан босатылды. "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина жеті жылға шартты түрде сотталды. Рақымшылыққа байланысты оның жазасы 3,5 жылға қысқартылды. Ол жа бес жыл бойы бақсарушы қызметтерді атқара алмайды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің азаматтық шағымы ішінара қанағаттандырылды. Сот министрліктің пайдасына Жаманқұловтан 3,4 миллион теңге, Жәнібековтен 4,3 миллиоан теңге, сотталушы Гизат Сұлтановтан 1 миллион 54 мың теңге, Данияр Әбдіқадыровтан 9,6 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды. Сотталушылардан жалпы 18,4 миллион теңге өнідіріледі. Айта кетейік, осы атышулы іс бойынша басты сот отырысы 9 наурызда басталған еді. Сотталушылар "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты (69 миллион теңге) жымқырды деп айыптады.


 

Соңғы жаңалықтар