Тұңғышбай Жаманқұловтың басы тағы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғышбай Жаманқұловтың басы тағы дауға қалды

Тұңғышбай Жаманқұловтың басы тағы дауға қалды

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен Алғабас ықшам ауданының тұрғындарының арасында жер дауы орын алды. Жер мәселесі Алматы қаласының Алғабас ықшам ауданында туындаған.

  • 7 Қараша 2019
  • 266
Фото - Caravan.kz

Бірден жеті отбасы өздерінің үйі мен бақшасы әртіске тиесілі жердің аумағына кіріп кеткендігін анықтаған. Бәрін қосқанда 70 сотық жел тілімі қалай екені белгісіз танымал актердың қожалығына аусып кетіпті. Мұны анықтаған жердің қожайындары мұнымен келіспейтіндерін көрсетіп, жерді Тұңғышбай Жаманқұловтан бұрын сатып алғандықтарын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Өздерінің үйлері актердің жеріне кіріп кеткендігін білген отбасылар бірнеше рет сотқа арызданған да екен, алайда бұдан нәтиже болмапты.

«Алатау аудандық сотына шағымданғанбыз, бірақ олар бізге жолағылары келмейтіндігін байқатты. Әрине, Тұңғышбай Жаманқұлов беделді тұлғалардың бірі, бірақ біз де өзімізге тиесілі жерді бергіміз келмейді. Мен бұл жерді 2004 жылы сатып алып, үй тұрғызып, үш баламмен көшіп келген болатынмын. 2014 жылы Жаманқұлов мырза келіп, бұл жер менікі демесі болады ма? Менің бұл жер тілімініе қатысты ресми құжаттарым бар» — деді тұрғындардың бірі

Айтуларынша, бұл мәселе ықшам аудан қалаға қосылғаннан кейін пайда болған. Олар әлі күнге дейін облыс берген құжаттарды қайта тіркеуден өткізе алмай жүрген көрінеді.


«Осы жерден мемлекеттік акті алған болатынбыз. Оны бізге 2004 жылы жазып берген. Ауданды қалаға қосқан кезде құжаттарымызды қалаға тіркеуден өту үшін аудан орталығына барсақ, бұл жер 2006 жылдан бері Тұңғышбай Жаманқұловқа сатылып кеткен екен», — деді тағы бір тұрғын Жолан Бекебаев.
Актердің өзі Алғабастағы жер тілімі бар екендігін растап отыр. Оның айтуынша, бұл жерді ол заңды жолмен сатып алған, сол себепті жерді жайдан жай тұрғындарға сыйлай алмайды екен. Бәрін сот шешсін деп отыр.

Қиын жағдайға бірден 7 отбасы тап болған көрінеді. Тұрғындар әділдікті іздеп сот алдын торуылдағаннан шаршадық деп отыр. Олар тезірек үйлерін өз атына аударып, өздерін және отбасыларын тіркеуден өткізуді қалап отыр.

Соңғы жаңалықтар