kris_p_almaty_official Телеграмм-каналында екі адамның тыр жалаңаш самокатқа мініп бара жатқан видеосы жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Хабарламада айтылғандай, видео Алматыда Әл-Фараби мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында түсірілген. Онда жалаңаш еркек пен әйелдің самокат мініп бара жатқаны және оны видеоға түсірген көлік жүргізушісінің дөрекі түрде балағаттағаны байқалады.
ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер бар!
Еске салсақ, көктемде ер адам Алматы әуежайында тыр жалаңаш жүгірген болатын.