Тұңғыш Президент музейі Жеңіс күніне арналған іс-шаралар топтамасын дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.34
  • 556.34
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұңғыш Президент музейі Жеңіс күніне арналған іс-шаралар топтамасын дайындады

Тұңғыш Президент музейі Жеңіс күніне арналған іс-шаралар топтамасын дайындады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Тұңғыш Президент музейі тарихи жадыны сақтау және қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесін қайта қарастыруға арналған іс-шаралар топтамасын өткізеді.

  • 1 Сәуiр
  • 14
ФОТО: fnn.kz

4 сәуірде «Ұлы Жеңіс: алғашқы жолдан соңғы жолға дейін…» атты кітап-иллюстрациялық көрменің ашылуы басты оқиға болмақ. Экспозицияда алғаш рет музей қоры мен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бірегей архив материалдары көпшілік назарына ұсынылады.

Көрмеге келушілер сирек кездесетін басылымдардың түпнұсқасын, майдан баспасөзін, әскери үгіт-насихат плакаттарын, сондай-ақ қазақстандық майдангер жазушылардың әдеби мұрасын тамашалай алады.

Көрмеге қатысу үшін мына нөмірлерге хабарласу қажет: 8 717 2 708331, +77022586608.