"Тұңғыш рет": Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өткелі жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұңғыш рет": Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өткелі жатыр

"Тұңғыш рет": Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өткелі жатыр

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өтеді.

  • 5 Қыркүйек
  • 3
Фото - Caravan.kz

Турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың басты мақсаты — ату спортының танымалдығын арттыру,  спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Айта кетелік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ. 

Олимпиадада Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған болатын.