Түні бойы ұйықтамай емтиханға дайындалу еш нәтиже бермейді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түні бойы ұйықтамай емтиханға дайындалу еш нәтиже бермейді

Түні бойы ұйықтамай емтиханға дайындалу еш нәтиже бермейді

Ұйқы, есте сақтау қабілеті мен білім бір-бірімен тығыз байланысты екені баяғыдан белгілі. Ұқы шала болса есте сақтау қабілеті де әлсірейді. 

  • 22 Сәуiр 2015
  • 629
Фото - Caravan.kz

Зерттеулер барысы ақпаратты ұмытпай, ұзақ есте сақтау үрдісінде ұйқының маңызды зор екенін көрсетті, деп хабарлайды University Herald.

Мамандар Drosophila шіркейіне зерттеу жүргізді. Олар шыбындарда есте сақтау қабілетіне қызмет ететін DPM-нейрондарын зерделеді. Зерттеу барысында DPM-нейроны белсенді болған кезде шыбындар ұйықтаған, ал нейрондар қызметі тоқтағанда, керісінше  шыбындар сергек ұшып жүрген.    Ақпарат  қысқа уақыт есте сақтаудан ұзақ уақыт есте сақтауға көше бастағанда,    шыбындар ұйқыға кеткен. Яғни, ұйқысыз ақпарат игерілмеген.   

Аталмыш үрдіс гиппокампқа ұқсас мидың саңырауқұлақ тәріздес бөлігінде орын алған. Шыбындарда есте сақтауға жауап беретін саңырауқұлақ тәріздес бөлік ұйқы мен сергектік үрдістерін реттейді екен. Зерттеушілер өздерінің тұжырымдары адамдардың ұйқысы мен есте сақтау қабілеті арасындағы байланысты көбірек білуге жәрдемдеседі деп үміттенеді.