Тунистің бұрынғы президенті есірткі мен қару-жарақ сақтағаны үшін сырттай 15 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тунистің бұрынғы президенті есірткі мен қару-жарақ сақтағаны үшін сырттай 15 жылға сотталды

Тунистің бұрынғы президенті есірткі мен қару-жарақ сақтағаны үшін сырттай 15 жылға сотталды

Тунистің бұрынғы президенті Зин әл-Абидин бен Әли есірткі мен қару-жарақ сақтағаны үшін сырттай сотталды, деп британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы хабарлады.

  • 5 Шiлде 2011
  • 466
Фото - Caravan.kz

Экс-президенттің адвокаты Хосни Беджи сотта оның ешқашан есірткі қолданбағанын мәлім етті.

Толқу кезінде Сауд Арабиясында бас сауғалауға мәжбүр болған Зин әл-Абидин бен Әли бұл үкімді барып тұрған сорақылық деп мәлімдеді.
Бұған дейін экс-президент пен оның зайыбы Лейла Трабелси өз елінде қоғамдық қор қаржысын рәсуә етті деген айыппен 35 жылға сотталған болатын. Оған қоса, ерлі-зайыптылар үкіметке 66 млн доллар айыппұл төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар