Жарияланды: 270

Тунистің қашқын президентінің 39 автокөлігі мен бағалы заттары аукционға шығарылды

Тунисте елдің экс-президенті Зин аль-Абидин бен Алидің дүние-мүлкі бәссаудаға шығарылды. Бұл туралы Вести.Ру хабарлады.

Лоттардың жалпы құны 13 миллион долларды құрайды. Аукционға Тунистің бұрынғы басшысы мен оның жақындарына тиесілі болған 39 люксті автомобиль, зергерлік бұйымдар және интерьер заттары қойылды. Онда 2,5 миллион долларға бағаланып отырған бен Алидің жиенінің Мерседесін көруге болады, ондай көлік тек Марокко королінде бар. Эксклюзивті машинаны көруге және сатып алуға адамдар бүкіл әлемнен келуде. Ұйымдастырушылар лоттардан 10 млн. еуро түсіруді көздеп отыр. Саудалар өтіп жатқан қонақ үй ғимаратын әскерилер күзетуде. Аукционнан түскен барлық қаражаттар ел бюджетіне түседі, себебі, Тунис экономикасы қазір ауыр жағдайды бастан өткеруде. Еске салайық, президент бен Алидің мүлкі жаппай тәртіпсіздіктер басталған 2011 жылы ол елден қашып кеткеннен кейін тәркіленген болатын. Оған Сауд Арабиясында саяси баспана ұсынылды. Бен Али туған елінде шерушілердің өлімі үшін өмір бойғы жазаға кесілді және оған жемқорлық үшін 65 млн. доллар айыппұл салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін