Тұқымы нашар малдарды асыл тұқымдармен алмастыру жобасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұқымы нашар малдарды асыл тұқымдармен алмастыру жобасы

Тұқымы нашар малдарды асыл тұқымдармен алмастыру жобасы

Алматы облысында тұқымы нашар малдарды асыл тұқымдармен алмастыру жобасы табысты іске асырылуда. Бұл аймақтағы ірі қара малдардың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Облыстық ауыл шаруашылық басқарма бастығы Бағдат Әлиев дүйсенбі күні әкімшіліктегі кеңесте осылай деген пікір білдірді.

  • 6 Маусым 2011
  • 730
Фото - Caravan.kz

«Осы жобаны іске асырудың жақсы мысалдары бар. Асыл тұқымды мал шаруашылығмен айналысатын «Динара Ранчо» ЖШС мемлекеттік субсидияға сатып алынған 1350 бастан астам канадалық герефорд тұқымын, және осыншама қазақтың ақбас еттік тұқымының бұқашаларын өсіріп отыр. Және ол асыл тұқымды көбейту орталығы болып отыр. Мұнда жеке инвестицияның есебінен қаз бен үйрек асырау құс фермасы ашылды. Балқаш ауданындағы «Отес Ақдала» ЖШС 5 мың ІҚМ бордақылайтын ірі кешен салуда», — деді Б. Әлиев.

Сондай-ақ Алматы облысының қой шаруашылығын да дамыту әлеуеті бар.

«Кезінде мұнда қазақтың биязы жүнді және қазақи архармиронос қой тұқымдары болатын. Нарықтағы қой етіне деген сұраныс биязы жүнді тұқымның орнына етті-майлы тұқымдардың артуына соқтырды», — деді Б. Әлиев.

Бұл ретте биязы жүнді тұқымның еті де жақсы болатын. «Сондықтан облыстағы асыл тұқымды қой өсіру биязы жүнді қой өсірумен тығыз байланысты болады», — деді ол.

Түйе өсіру мен бағу өте экономикалық тиімді бағыт, дейді Б. Әлиев. Түйелер жыл бойы жайылымда жүріп, бөлмені қажет етпейді. Алматы облысында Іле ауданында түйе өсірумен айналысатын «Дәулет Бекет» ЖШС бар.

Ол шаруашылық 50-шақты түйеден басталғанын айтты. Бүгіндері түйе саны 3 мыңнан асады. Бұл «Дәулет Бекет» шаруашылығына шұбаттың негізгі өндірушісіне айналуына әкеліп, ол келешекте Алматы мен Астана нарығына жеткізілетін болады.

«Ет шаруашылығын дамытуда экономикалық мүдде басым тұруы тиіс. Жергілікті атқару органдарының үлесіне бұл бағдарламаның тек қана шаруа қожалықтарына жайылымдық жер беріп, ветеринарлық қызметті ұйымдастырып, субсидия төлеу бөлігі ғана келеді», — деп есептейді Б. Әлиев.

Соңғы жаңалықтар