Жарияланды: 570

“Тур де Франста” елді елең еткізген оқиға орын алды!

Көпкүндік супер веложарыс “Тур де Франста” тағы бір елді елең еткізген оқиға орын алды.  Драмаға толы алғашқы аптаның жарыс жолында ерден ауыпжарақаталған небір мықтылар Үлкен дулығаменқоштасуғамәжбүр болса, енді бірі допингпен ұсталып отыр

Артта қалған тоғыз кезеңнің нәтижесі бойынша жалпы есепте 69- орынға жайғасқан ресейлік велошабандоз Александр Колобнев тыйым салынған препаратты пайдаланған деген  күдік бар.   6 шілде күні алынған анализ велошабандоздың гидрохлортиазиада дәрмегін пайдаланғанын көрсеткен.  Ресейлік велоклуб “Катюшаның” президенті Андрей Чмильәзірге шәкіртіне шаң жұқтырар емес. Команда басшысы екінші сынаманың нәтижесін күтетінін, ал оған дейін  бұл оқиғаны  медицина тарапынан кеткен  қателік деп үміттенеміз  дейді. 

Жозе Моуринью мен оның командасы  Америкаға аттанды.  Жаңа маусым алдындағы алғашқы  жиынға  әйгілі бапкер 25 футболшыны ертіп шығыпты.

Франция ұлттық құрамасының футболшысы Лассан Диарра  және Педро Леон мен Серхио Каналеске бұл тізімнен орын тимепті. Кезінде Моуриньюдің  қол астында “Челсидің” намысын жыртқан Диарраның “Реалдан” кетеді деген алып-қашпа сөз де жоқ емес.  Былтыр  жасыл алаңнан сирек көрінген Педро Леонның да король клубында қалуы екіталай десек, Серхио Каналес биыл  жалға берілмек. Осы сапардан шет қалған   тағы екі футболшы  Гонсало Игуаин мен Фернандо Гаго  бұл күндері  өздерінің ұлттық құрамасы сапында Америка кубогы  жолындағы  доданың көрігін қыздыруда.     

Мексика құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік доданың финалында олар Уругвай құрамасын қапы қалдырды.

Ойында тіркелген есеп 2:0. Ойынның басында уругвайлықтар белсенділік танытты. Алайда алғашқы минуттарда-ақ негізгі ойыншыларынан айырылды. Жарақаттанған Родриго Агирре алаңнан шығуға мәжбүр болды. Дегенмен мексикалықтар өз кезегінде еш мүмкіндікті жібермеді. Бұрыштан соғылған допты команда капитаны Антонио Брисеньо қақпаға дәл тоғытты. Кейін Джовани Касильястың шабуылы голға ұласты. Осыған дейін 2005 жылы чемпион атанған Мексика құрамасы үшін бұл  екінші  жүлде. Жалпы турнир тарихында ең көп жеңімпаз атанған Нигерия мен Бразилия. Олар үш  реттен жүлдені иеленген. Ал3-ші орын үшін таласта Германия бразилиялықтарды 4:3 есебімен ұтып, қола медальға қол жеткізді.

Францияның аяқдопшы қыздары тұңғыш рет әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Осы күндері Германияда өтіп жатқан жарыстың ширек финалында олар Англия құрамасын жеңді.

Матчтың негізгі уақыты тең есеппен аяқталды. Кейін қосымша минуттардан да нәтиже шығара алмаған аяқдопшылар пенальтиге жүгінді. Осы ретте француз қыздарының асығы алшысынан түсті, есеп - 4:3. Жартылай финалда олар АҚШ құрамасымен күш байқасады. Америкалықтар өз кезегінде Бразиялиямен матчта пенальтиде үздік шықты. Алкелесі жұпты Германиядан басым түскен Жапония мен Австралияны қапы қалдырған Швеция құрайды. Жартылай финал ойындары ертеңге, ал финал 17  шілдеге белгіленген. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін