"ТұранӘлем" банкінің таза пайдасы биылғы жарты жылда 0,5%-ке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ТұранӘлем" банкінің таза пайдасы биылғы жарты жылда 0,5%-ке өсті

"ТұранӘлем" банкінің таза пайдасы биылғы жарты жылда 0,5%-ке өсті

"ТұранӘлем" банкінің таза пайдасы 2003-жылдың алғашқы жартысында өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 0,5%-ке өсіп 1,666 млрд. теңгені құрады,-делінген банктің қаржылық есебінде.

  • 18 Шiлде 2003
  • 380
Фото - Caravan.kz

2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда банктің жеке капиталының мөлшері 24%-ке өсіп 24,149 млрд. теңгені, активтері 64%-ке өсіп 292,389 млрд. теңгені, міндеттемелері 69%-ке артып 268,241 млрд. теңгені құрады. Ал банкте ашылған депозиттер көлемі 70%-ке артты.

Есепті мерзімде банктің жалпы кірісі 17,4%-ке артып 20,736 млрд. теңгені, шығындары 19,2%-ке өсіп, 19,070 млрд. теңгені құрады.
Еліміз бойынша маңдай алды үш банктің қатарындағы «ТұранӘлемБанкі» Moodys рейтингтік агенттігінің «Ba1» және S&P агенттігінің «тұрақты» деп болжанған»В+» рейтингіне ие.

Соңғы жаңалықтар