ТұранӘлем Секьюритис компаниясы жарналық инвестициялық қор құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТұранӘлем Секьюритис компаниясы жарналық инвестициялық қор құрды

ТұранӘлем Секьюритис компаниясы жарналық инвестициялық қор құрды

Бүгін, 2-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ТұранӘлем Секьюритис компаниясының басшылығы "БТӘ Табысты" деп аталатын жарналық ашық инвестициялық қор құрылғанын жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Наурыз 2005
  • 554
Фото - Caravan.kz

«БТӘ Табысты» жарналық ашық инвестициялық қорының инвестициялық қаржысы Қазақстан қор рыногы, Ресей, Батыс және Шығыс Еуропа, АҚШ қор рыноктарының бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсалады. «БТӘ Табысты» жарналық инвестициялық қоры жарнасының ең төменгі құны 1 млн. теңгені құрайды (7,6 мың доллар) . Компания директоры Қайрат Бектановтың айтуынша, бұл құн біртіндеп төмендейтін болады.

Қ.Бектановтың айтуынша, инвестициялық қоржынды сенімді басқару саласында ТұранӘлем Секьюритис компаниясы жеткілікті тәжірибе жинақтады. «Бұл салада екі жыл ішінде сенімді басқарудағы клиенттер қоржыны анағұрлым артып, қазіргі жағдаймен ол 20 млн. долларға жетіп жығылды»,- деді ол. Клиенттік қоржын активтерінің орташа кірісі 15 процентті құрады. ТұранӘлем Секьюритис компаниясының басшылығы «БТӘ Табысты» жарналық ашық инвестициялық қорының жарналары бойынша да осындай кіріске қол жеткізуді көздеп отыр.
Компанияның басқарушы директоры Досым Беспаевтың айтуынша, келешекте ТұранӘлем Секьюритис компаниясы инвесторлардың сұраныстарын жоғарғы деңгейде қамтамасыз ете алатын ашық және жабық үлгідегі осындай тағы 8 жарналық инвестициялық қор құруды көздеп отыр.

Перейти к новостям спорта