Қарапайым банкоматтармен бірге атқаратын функцияларының аясы кеңейтілген (сash-in) банкоматтары да орнатылмақ. Олар ақша алумен бірге қабылдау функциясын да атқарады. «Жаңа банкоматтардың мүмкіндіктері біршама арттырылған. Олар банк клиенттеріне тек қолма-қол ақша алумен шектелмей, сонымен бірге өз есепшоттарын толықтыру, ақша жолдау, несиелік жарналарды тапсыру, коммуналдық төлемдер мен ұялы байланыс операторларына төлем жасау тәрізді түрлі қызмет ақысын төлеуге де мүмкіндік береді»,- деп хабарлайды банктегілер.
2005-жылы ТұранӘлемБанкі сонымен бірге Қазақстанда тұңғыш рет өзіне өзі қызмет етуге бағытталған терминалдар желісін құрмақшы. Бұл клиенттерге банк өнімдері мен қызмет түрлерін 24 сағат аясында тұтынуға мүмкіндік береді.