"ТұранӘлемБанкі" ААҚ ТМД көлеміндегі жеке меншік банкке берілген ең ірі жинақталған қарыз ақша алу туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ТұранӘлемБанкі" ААҚ ТМД көлеміндегі жеке меншік банкке берілген ең ірі жинақталған қарыз ақша алу туралы келісімге қол қойды

"ТұранӘлемБанкі" ААҚ ТМД көлеміндегі жеке меншік банкке берілген ең ірі жинақталған қарыз ақша алу туралы келісімге қол қойды

"ТұранӘлемБанкі" ААҚ Citibank, N.A. London және Deutsche Bank AG London банктері бірлесіп жинаған 245 млн. АҚШ доллары көлеміндегі синдикаттық несие алу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы банк басқармаларының төрағасы Ержан Тәтішев хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2003
  • 682
Фото - Caravan.kz

Мұндай қарыз ақша алудағы мақсат- банктің Қазақстан мен Ресейдегі клиенттерінің бірқатар импорттық және экспорттық келісім-шарттарын қаржыландыру болып табылады.

Е.Тәтішевтің айтуынша, 50-ден астам кредитордың сәтті жинақ жұмыстарының нәтижесінде бұған дейін келісілген 100 млн. долларлық несие көлемі 245 млн. долларға дейін молайтылды. Несие екі траншпен беріледі. 134,75 млн. доллар көлеміндегі бірінші траншы бір жыл мерзімге 2,15 проценттік маржамен беріледі. Опцион мерзімін тағы да 12 айға созуға мүмкіндік бар. Ал 110,25 млн. доллар көлеміндегі екінші траншы 2,5 проценттік өсіммен 18 айға берілгелі отыр. Бұл келісім бойынша да опцион мерзімін ұзартуға болады.
Бұл несие Қазақстандық банкке және ТМД-дағы жеке меншік банкке берілген ең ірі жинақталған қарыз ақша болып табылады.
«ТұранӘлемБанкі» ААҚ корпоративтік және бөлшек банкинг саласының қай-қайсысына да мамандандырылған Қазақстандағы жетекші банктердің бірі.
Банктің еліміз бойынша филиалдық желісі 23 филиал мен 211 есеп-касса бөлімшелерінен құрылады. Банктің Ресей мен Украинада өкілдіктері ашылған. Банк акционерлерінің арасында Еурапалық Қайта құру және даму банкі, австриялық Райффайзен Централ Банк, Германиялық DEG инвестициялық компаниясы, Халықаралық қаржы корпорациясы, Голландия даму банкі қатарлы ірі қаржы институттары бар.

Соңғы жаңалықтар