"ТұранӘлемБанкі" АҚ Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық банкінен 30 млн. доллардың несиесін алу туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ТұранӘлемБанкі" АҚ Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық банкінен 30 млн. доллардың несиесін алу туралы келісімге қол қойды

"ТұранӘлемБанкі" АҚ Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық банкінен 30 млн. доллардың несиесін алу туралы келісімге қол қойды

Бүгін, 1-сәуірде Алматыда "ТұранӘлемБанкі" АҚ мен Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық банкі арасында 30 млн. доллардың экспорттық кредит желісін ашу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Сәуiр 2004
  • 1263
Фото - Caravan.kz

Несиелік желіні Жапониядағы ірілігі жағынан төртінші орында тұрған UFL Bank Limited атты коммерциялық банк қоса қаржыландырады.

«ТұранӘлемБанкі» АҚ басқармаларының төрағасы Ержан Тәтішевтің келісімге қол қою рәсімінде атап көрсеткеніндей, «бұл несие Жапониядан тауар және жабдықтар импорттаушы ТұранӘлемБанкі клиенттеріне орта және ұзақ мерзімді несие беру үшін алынып отыр».
Е.Тәтішевтің айтуынша, бұл келісім «Жапондық және қазақстандық кәсіпорындар үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Жеңілдетілген несие 10 жылға берілмекші». Е.Тәтішевтің айтуынша, «4-5 жылдық LIBOR негізінде ауыспалы ставка белгіленді, несиелік желі аясында берілетін әрбір жеке несие өнім импорттаушы қол қойған келісім-шартының 85 процентінен аспауы тиіс. Жапониялық банктің ТұранӘлемБанкіне берген маржасы 0,6 процентті құрайды».
«Осынау несиелік желі Еуропа мен басқа да елдерден алған несиелік желілермен салыстырғанда табысты әрі бәсекелестік қабілетті болмақ»,- деді Е.Тәтішев.
Ал Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық банкінің халықаралық операциялар жөніндегі екінші департменті төрағасының орынбасары Фукучиро Танака : «жалпы қаржыландыру көлеміне қарай Орталық Азия республикаларының арасынан Қазақстан аталмыш банктің ең ірі клиенті болып табылады. Жапониялық компаниялардың жұмысына демеушілік жасау арқылы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан екі мемлекет арасындағы байланысты тереңдетуге үлес қосқанымызға қуанамыз»,- деп атап көрсетті.
«Келешекте біз несие туралы екінші келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Әзірге нақты мерзімін атау қиын. Барлығы бүгінгі келісімнің жүзеге асырылу жағдайына байланысты»,- деді Ф.Танака.
Қазіргі жағдаймен Жапония Халықаралық ынтымақтастық банкінің Қазақстанға 8 жобаға арнап бөлген несиелік қаржысының жалпы көлемі 71 млрд. йенді, 5 несиелік желі бойынша қаржыландыру көлемі 88,8 млрд. йенді құрайды.
Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунозакидің айтуынша, «Жапония мен Қазақстан арасындағы қазіргі тауар айналымы 200 млн. долларға тең». Елшінің пікірінше, «бұл екі мемлекеттің әлеуетіне сай емес». Дипломат «бұл жолғы келісім екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға түрткі болады» дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар