Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, ТұранӘлемБанкі Армения орталық банкінің рұқсатымен осы елдің «Межинвестбанкі» акцияларын сатып алмақшы деп жариялаған кейбір ақпарат агенттіктерінің хабарламасы жайында «ТұранӘлемБанкі» АҚ-ның басшылығы түсініктеме бере алмайды. «Дүниежүзінде мойындалған этикалық тәртіптер мен қағидаларға бағынатын «ТұранӘлемБанкі» құпиялық сақтау туралы келісім бойынша жүктеп алған міндеттемелеріне сәйкес сауда-саттық іске асырылғанға дейін ақпаратты тарата алмайды»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.
«Біз ТМД елдері банктерінің капиталына қатысуды көздейтін бірнеше жоба жасадық. Біз алдағы жеті жылда ТМД елдерінде банк жүйесін құруға ниетіміз бар екенін, бұл жобаға 100 млн. доллар жұмсайтынымызды мәлімдегенбіз. Келешекте осы стратегияға бұлтарыссыз бағынатын боламыз. Ал біздің потенциалдық әріптестеріміз бен бұрынғы КСРО елдеріндегі қаржылық мекемелер өкілдерінің мәлімдемесіне келсек, біз әріптестеріміздің уәжін этикалық себептерге байланысты талқылай алмаймыз»,- деді бүгін, 3-ақпанда «ТұранӘлемБанкі» АҚ басқармаларының төрағасы Сәдуақас Мәміштегі.