С.Мәміштегінің айтуынша, қазіргі жағдаймен бұл оқиға аң аулау барысындағы жазатайым қайғылы оқиға ретінде бағаланып отыр. Оның айтуынша, Е.Тәтішев достарымен және қорғаушыларымен бірге аң аулауға шыққан. Әзірге оны кім атқаны белгісіз.
Ал қызметтестерінің айтуынша, Е.Тәтішев кәсіпқой аңшы болған, қару-жарақты жақсы меңгерген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 19-желтоқсанда 38 жастағы Е.Тәтішев Жамбыл облысында аң аулап жүріп оқ тиіп қаза тапты.
Е.Тәтішев Мәскеудегі қолданбалы биотехнология институты мен Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, инженер-технолог әрі экономист. 90-шы жылдары «Саят-Брок» ЖШС-ін басқарды, «Астана-Холдинг»компаниясының вице-президенті, «Қазкоммерцбанк»ЖАҚ-ның басқармалары төрағасының бірінші орынбасары, «KRAMDS-Банк» ААҚ-ның басқармалары төрағасының орынбасары болды. 1997-жылдың қаңтар айынан бастап Е.Тәтішев «ТұранӘлембанкі» ЖАҚ басқармаларының төрағасы, 1997-жылдың қазан айынан бері ЖАҚ басқармалары төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал 1998-жылдың сәуір айында «ТұранӘлембанкі» АҚ басқармаларының төрағасы болып тағайындалды.