ТұранӘлемБанкі Citigroup пен Deutsche Bank ұйымдастырған 245 млн. доллардың синдикаттық несиесінің А траншын ұзартты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТұранӘлемБанкі Citigroup пен Deutsche Bank ұйымдастырған 245 млн. доллардың синдикаттық несиесінің А траншын ұзартты

ТұранӘлемБанкі Citigroup пен Deutsche Bank ұйымдастырған 245 млн. доллардың синдикаттық несиесінің А траншын ұзартты

"ТұранӘлемБанк" АҚ Citigroup пен Deutsche Bank ұйымдастырып, 2003-жылдың 1-тамызында қол қойылған 245 млн. доллардың синдикаттық несиесінің А траншын ұзартты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ТұранӘлемБанк" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Маусым 2004
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бұл несие банк клиенттерінің сауда-саттық мақсатындағы операцияларын несиелендіру үшін пайдаланылады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ТұранӘлемБанкі жобаға жаңа инвесторларды тарту арқылы транш көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір ТұранӘлемБанкі осы мақсатпен Таяу Шығыс пен Азиялық банктерге сапарлар жасаудың қарқынды бағдарламасын ұйымдастырып отыр. Бұл дүниежүзіндегі инвесторлар базасын арттыруға басымдық берген банктің ғаламдық саясатының бір құрамдас бөлігі.
Қазіргі жағдаймен ТұранӘлемБанкі Қазастандағы екінші ірі банкке саналады. Банк активтері 3 млрд. долларды (ТМД аясында 12-13 орында), капиталы 259 млн. долларды құрайды.

Перейти к новостям спорта