ТұранӘлемБанкі мен мемлекеттік сақтандыру корпорациясы Қазақстаннан Монғолияға 16 млн. доллардың мазут экспорты бойынша аккредитивтік келісімді сақтандыру туралы мәмілеге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТұранӘлемБанкі мен мемлекеттік сақтандыру корпорациясы Қазақстаннан Монғолияға 16 млн. доллардың мазут экспорты бойынша аккредитивтік келісімді сақтандыру туралы мәмілеге қол қойды

ТұранӘлемБанкі мен мемлекеттік сақтандыру корпорациясы Қазақстаннан Монғолияға 16 млн. доллардың мазут экспорты бойынша аккредитивтік келісімді сақтандыру туралы мәмілеге қол қойды

Бүгін, 2-желтоқсанда Алматыда "ТұранӘлемБанкі" АҚ мен "Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ арасында Қазақстаннан Монғолияға 16 млн. доллардың мазут экспорты бойынша аккредитивті сақтандыру туралы келісімге қол қою шарасы өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 482
Фото - Caravan.kz

«ТұранӘлемБанкі» АҚ-ның атқарушы директоры Жәмила Сәрсенбаеваның келісімге қол қою рәсімінен кейін берген түсініктемесіне сәйкес, «бұл банк пен мемлекеттік сақтандыру корпорациясы арасындағы алғашқы келісім-шарты. Ол бойынша тәуекелдердің 80 процентін мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, 20 процентін ТұранӘлемБанкі бөлісе көтереді». Оның айтуынша, сауда-саттық туралы келісім-шартына «ТұранӘлемБанкі» АҚ мен ANOD Bank of Mongolia қол қойған.

«Таяу уақыттарда құны 2 млн. долларды құрайтын алғашқы мазут партиясы Монғолияға жөнелтіледі»,- деді Ж.Сәрсенбаева.
Қазіргі таңда корпорация 4,4 млрд. доллардың 34 жобасын жүзеге асыруда. 2004-жылдың ақпан айынан бері корпорацияға 11,7 млрд. теңгенің экспорттық несиелері мен инвестициясын сақтандыру туралы 62 өтініш түскен. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, корпорация республиканың шикізатқа жатпайтын тауар түрлері экспортының 2005-жылы 2 процентін, 2006-жылдың аяғына дейін 3 процентін сақтандырмақ ниетте.
«Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ -ның басқармалары төрағасының орынбасары Ербол Жаманбаевтың айтуынша, «қазіргі жағдаймен корпоарция 2004-жылдың аяғына дейін республиканың шикізатқа жатпайтын тауар түрлері экспортының 1 процентін сақтандыру туралы алға қойған міндетті орындап шықты».

Перейти к новостям спорта