ТұранӘлемБанкі өзіне тисілі лизингтік компания акцияларының 55 процентін шетелдік акционерлерге сатып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТұранӘлемБанкі өзіне тисілі лизингтік компания акцияларының 55 процентін шетелдік акционерлерге сатып жіберді

ТұранӘлемБанкі өзіне тисілі лизингтік компания акцияларының 55 процентін шетелдік акционерлерге сатып жіберді

ТұранӘлемБанкі Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Жапонияның ORIX корпорациясы мен оның еншілес кәсіпорны ORIX Лизинг Пакистан компанияларымен өзіне тиесілі "БТА Лизинг" АҚ компаниясының акцияларын сату және оларға жазылу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы бүгін, 8-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ТұранӘлемБанкінің басқармалары төрағасы Сәдуақас Мәміштегі жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Сәуiр 2005
  • 583
Фото - Caravan.kz

Келісімге қол қою нәтижесінде ТұранӘлемБанкі «БТА Лизинг» АҚ акцияларының 45%, ORIX — 35%, OLP -10% және IFC — 10% иемденетін болды. Акцияларды сату нәтижесінде «БТА Лизинг» АҚ-ның жарғылық капиталы 297 млн. теңгеден 1,3 млрд. теңгеге дейін артты. Сауда-саттық құны 1 млрд. теңгені құрады (7,5 млн. доллар).

ORIX корпорациясы үшін «БТА Лизинг» АҚ акцияларын сатып алу арқылы ТМД қаржы рыногына алғаш рет шығып отырса, Халықаралық қаржы корпорациясы Қазақстанның қаржы рыногына алғаш рет шықты.
2005-жылы Қазақстандық кәсіпкерлер «БТА Лизинг» компаниясынан 40 млн. доллардың несиесін алуға мүмкіндігі бар. Бұл компанияның 2004-жылғы лизингтік операцияларынан екі есе артық.
«БТА Лизинг» АҚ-ның президенті Ләззат Сайлауованың айтуынша, компания халықаралық қаржы институттары тарапынан жаңа қаржылық желілер ашылады деп күтуде. Сонымен бірге «БТА Лизинг» АҚ алдағы уақытта Қазақстан қор биржасына шығуды жоспарлап отыр.
Л.Сайлауованың айтуынша, компания орта мерзімді перспективада республикадағы лизинг рыногының 25 процентін иемденуді, ТұранӘлемБанкінің ортақ стратегиясына сәйкес ТМД рыногына шығуды көздеуде.

Перейти к новостям спорта