"ТұранӘлемБанкіндегілер" басқарма төрағасының өлімінен саяси астар іздестірмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ТұранӘлемБанкіндегілер" басқарма төрағасының өлімінен саяси астар іздестірмейді

"ТұранӘлемБанкіндегілер" басқарма төрағасының өлімінен саяси астар іздестірмейді

"ТұранӘлемБанкі" АҚ-ның басшылығы банк басқармаларының төрағасы Ержан Тәтішевтің қайғылы қазасының астарынан ресми жарияланған жазатайым өлім деген жорамалдан өзге саяси астар іздестірмейді. Бұл туралы бүгін, 20-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "ТұранӘлемБанкі" АҚ-ның директорлары кеңесінің төрағасы Серік Уәлиев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Желтоқсан 2004
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Біз қайғылы оқиғаны саяси себептермен мүлдем байланыстырмаймыз»,- деді ол. Марқұмның қызметтестері оның өлімін бәсекелестікпен де әсте қабыспайды дейді. «Тасы өрге домалап тұрған жариялы тұлға ретінде Ержанның бәсекелестері де, тіпті жаулары да әрине болды, бірақ, бұл деректі біз қайғылы оқиғамен байланыстыра алмаймыз әрі олай істеуге құлқымыз да жоқ»,- деді С.Уәлиев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше, 19-желтоқсанда Жамбыл облысындағы Отар маңында саятшылық құрып жүрген жерінде «ТұранӘлемБанкі» АҚ басқармаларының төрағасы Ержан Тәтішев абайсызда атылған оқ тиіп қаза тапты. Е.Тәтішевтің жазатайым қаза табу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі жағдаймен тергеу мекемелері банк басқарушысының өліміне қарумен дұрыс қатынаспау салдарынан болған оқыс оқиға деген ресми болжам жасап отыр. Ал банк басшылғы марқұмға кімнің оғы тигенін білмейміз деп мәлімдеді. «Е.Тәтішевтің қаза табу дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, болған оқиғаның егжей-тегжейі сол тексеру барысында анықталады»,- деді С.Уәлиев.
Оның айтуынша, Е.Тәтішевпен бірге саятшылық құруға оның достары, бірге аңшылыққа шығатын әріптестері, сондай-ақ, банк басшысының жеке қорғаушылары шыққан. Қорғаушылар — бұрынғы ІІМ қызметкерлерінен құралған жоғары кәсіби қызметкерлер көрінеді.
Қызметтестерінің айтуынша, Е.Тәтішев кәсіпқой аңшы болған, қару-жарақты жақсы меңгерген.

Перейти к новостям спорта