Соңғы бірнеше жылда «ТұранӘлемБанкі» ТМД елдерінің нарығын жаулап алуға белсенді қадамдарды жүзеге асырды. Мәселен, қазір банктің өкілдіктері мен еншілес компаниялары Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Қытайда жұмыс істеуде. Сонымен бірге «ТұранӘлемБанкі» Молдова, Әзербайжан және Тәжікстанда өз өкілдігін ашуға рұқсат алған.
С.Мәміштегінің айтуынша, банк басшысының қайғылы қазасынан бірнеше күн бұрын ғана Башқұртстан үкіметімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ол жерде ТұранӘлемБанкі өткен аптада бір банкті сатып алған болатын. Сондай-ақ, өткен аптада Санкт-Петербург губернаторымен өзара ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойылған.
С.Мәміштегінің айтуынша, ТұранӘлемБанкінің стратегиялық әріптестері бүгінге дейін қол қойылған және перспективалы келісім-шарттары бойынша банкпен арадағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыра беруге әзірлік танытқан.
Баспасөз мәслихатында мәлім болғанындай, Е.Тәтішев ТұранӘлемБанкі акцияларының 24 процентін иемденген. Оларды басқару туралы мәселе заңда көрсетілген тәртіп бойынша айқындалады.