Тұрақтандыру шараларының жоспарын жүзеге асыруға 2,2 триллион теңге жұмсалады - Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрақтандыру шараларының жоспарын жүзеге асыруға 2,2 триллион теңге жұмсалады - Мәсімов

Тұрақтандыру шараларының жоспарын жүзеге асыруға 2,2 триллион теңге жұмсалады - Мәсімов

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Тұрақтандыру шараларының жоспарын жүзеге асыруға 2,2 триллион теңге жұмсалады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кеше "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында экономиканы тұрақтандыру шараларының жоспарын таныстыру барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Қараша 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Жоспардың жүзеге асуы барысында еліміздің экономикасына мемлекет тарапынан 2,2 триллион теңге инвестиция салынады. Ол Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің 20 пайызға жуығын құрайды»,- деді Кәрім Мәсімов.

«Жоспарды жүзеге асыруға мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордан 1,2 трлн. теңге немесе 10 млрд. АҚШ доллары бағытталды. Бұл қаржылар 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджет аясында жоспарланған шығыстарға қосымша ретінде бөлініп отыр. Президент анықтап бергеніндей, ол бес бағытқа бағытталатын болады. Атап айтқанда, қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз етуге — 4 млрд. доллар (480 млрд. теңге), жылжымайтын мүлік рыногын тұрақтандыруға — 3 млрд. доллар (360 млрд. теңге), шағын және орта бизнесті қолдауға — 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге), агроөнеркәсіп кешенін дамытуға — 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге), серпінді инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды жүзеге асыруға — 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге) бағытталатын болады», деді премьер-министр.

.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті