«Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі өтемақыны қашан төлейтінін ашып айтқан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі өтемақыны қашан төлейтінін ашып айтқан жоқ

«Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі өтемақыны қашан төлейтінін ашып айтқан жоқ

«Жеке қолға өтеді» деген үлкен даудан соң «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі салымшыларының үрейін басуға кірісті. Тіпті ешкімнің салған қаржысы күймейді деп ант су ішіп отыр. Тек өтемақының берілетін күні нақтыланбаған.

  • 3 Қазан 2015
  • 503
Фото - Caravan.kz

Дегенмен бұған дейін айтылған 1 миллион теңгеге дейін ғана деген шектеу жоқ екен. Сөйтіп, депозиттері 1 миллионнан асатын 57 мың салымшыға банк 40 миллиард теңге өтемақы бермекші. Ал салымы аздау клиенттерге осы соманың тек тең жартысы төленбек. Депозит пен несие жарнасы арасындағы пайыз айырмасы да өзгеріссіз қала береді. Енді акционер өзгерген күннің өзінде жаңа басшылық оны 5 пайыздан артық көтере алмайды екен. Десе де, теңгенің құнсыздануы салдарынан опық жеп қалған жұртқа миллиардтаған өтемақылардың қашан төлене бастайтыны әлі де белгісіз. Өйткені жаңа инвестор келмейінше, «Тұрғынүй құрылыс жинақ» банкі тырп ете алмай отыр.    

Айбатыр Жұмағұлов, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы:

-Бір жақты банк өзгерткісі келген күннің өзінде де біз бұл шарттарды заң жүзінде өзгеріс енгізе алмаймыз. Сондықтан да бүгінгі күні несие алған біздің клиенттерге ешқандай үрейсіз, тек қана осы келісім-шарт төңірегінде ғана төлемдер болатынын айтқым келеді.

Соңғы жаңалықтар