Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары бағам айырмасын төлеу бойынша өтінішті онлайн-режимде бере алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары бағам айырмасын төлеу бойынша өтінішті онлайн-режимде бере алады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары бағам айырмасын төлеу бойынша өтінішті онлайн-режимде бере алады

Әлеуметтік желілерде ТҚЖБ салымшылардың арасында дүрбелеңнің тууына себеп болған ақпарат пайда болды.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 438
Фото - Caravan.kz

Таратқан хабарламада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерін электронды-цифрлық қолтаңбаны тездетіп алу керектігі, мұны жасамаған жағдайда өтемақысыз қалу қаупі бар екені жазылды.  

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметінде бағам айырмасы бойынша  азаматтардың салымдарының орнын толтыру механизмі құрылып жатқанын айтты.  Жақын арада ол жарияланады.   Тиісті төлемдерді алу үшін 2015 жылдың 18 тамызына дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашқан азаматтар өтініш жазып, тұрғын үй құрылысы жинағы туралы Шартқа қосымша келісімге тұруы тиіс.  Арнайы шот ашу қажет емес. Бағам айырмасы депозиттің банкте бір сақталуы талабымен төленеді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары бағам айырмасын төлеу бойынша өтінішті онлайн-режимде бере алады. Қызмет азаматтардың қолайлылығы үшін құрылған, бұл үшін электрондық-цифрлық қолтаңба қажет, деп хабарлады ТҚЖБ. 


Банкте әлеуметтік желілер немесе жасырын түрде таратылатын хабарлар бейресми екенін айтты.  Салымшылардан алыпқашпа сөздерге сенбеуді сұрады.  Өтініштерді қабылдау туралы барлық ақпарат ресми БАҚ-тардан хабарланады.  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бұл шаруа барлығы құжаттарды дайындап үлгеретіндей қылып ұйымдастырылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар