Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға 1,49 млрд. теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға 1,49 млрд. теңге қажет

Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға 1,49 млрд. теңге қажет

Бүгін, 3-ақпанда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы талқыланып, онда бағдарламаны жүзеге асыруға 1,49 млрд. теңге қажеттігі айтылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Ақпан 2005
  • 393
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі — индустрия және сауда министрлігінің ақпараты бойынша, аталған бағдарламаның негізгі мақсаты «қолда бар тұрғын үй қорын сақтап қалу және тиісті деңгейде пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларда тұратын адамдарға қауіпсіз және қолайлы жағдай туғызу» болып табылады.

Кеңеске қатысушылар пікірі бойынша, бағдарламаны іске асыру » тұрақты және ұзақ мерзімді тұрғын үй қатынастарын дамытуға, еліміз тұрғындарының баспана қамтамасыздығы жағдайын жақсартуға, сондай-ақ тұрғын үй қорының ахуалын бақылау мен басқару тиімділігін арттыруға» мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы атқарылған жұмысқа оң баға бере отырып, Әділет министрлігіне 10 күн ішінде Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту Бағдарламасының жобасына терең заңнамалық талдау жасауды тапсырды. Өйткені, оны іске асыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келмеуге және олардың міндеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуі тиіс.