Тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңарту - үкіметтік бағдарламадағы маңызды мақсаттардың бірі - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңарту - үкіметтік бағдарламадағы маңызды мақсаттардың бірі - үкімет басшысы

Тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңарту - үкіметтік бағдарламадағы маңызды мақсаттардың бірі - үкімет басшысы

Тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңарту және үй сатып алуға ипотекалық несие берудің үйлесімді жүйесін қалыптастыру - үкіметтің қысқа және орта мерзімді шаралар бағдарламасына қамтылған аса маңызды мәселелер топтамасының бірі болып табылады. Бұл туралы бүгін, 8-шілдеде Астанада өткен үкімет отырысында премьер-министр Даниал Ахметов хабарлады.

  • 8 Шiлде 2003
  • 430
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңалауға бағытталған аса күрделі әрі өзекті мәселені қашан болмасын шешуге тура келетіндіктен оған ерте бастан кірісе берген жөн. Осыған байланысты, үкімет басшысының пайымдауынша, қаржыландыратын қайнар көздерді анықтай отырып, апатты жағдайдағы үйлерді құлатуға және тозығы жеткен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған аймақтық бағдарламалар жобасын жасап жүзеге асыру керек. Д.Ахметов сондай-ақ, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмысын қаржыландыру мәселесін шешу үшін ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары» жөніндегі заңына өзгерту енгізу қажеттігін атап көрсетті. «Тұрғын үй қатынастары жүйесіндегі қызмет сапасы мен көлемін нақты айқындау механизмін жасау қажет»,- деді Д.Ахметов.

Сонымен қатар үкімет іс-қызметінің басымдық берілген бағыттарының бірі ретінде Даниал Ахметов үй салуға ипотекалық несие берудің шарттары мен механизмдерін жетілдіру талабын атады. Бұл — азаматтарымыздың тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктерін арттырады деді үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар