Тұрғын-үй коммуналдық саланы дамыту жөніндегі бағдарламаның жобасы үкіметке сәуір айының аяғында бекіту үшін енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын-үй коммуналдық саланы дамыту жөніндегі  бағдарламаның  жобасы үкіметке сәуір айының аяғында бекіту үшін енгізіледі

Тұрғын-үй коммуналдық саланы дамыту жөніндегі бағдарламаның жобасы үкіметке сәуір айының аяғында бекіту үшін енгізіледі

Тұрғын-үй коммуналдық саланы дамыту жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған бағдарлама жобасының ақырғы нұсқасы үкіметке сәуір айының аяғында бекіту үшін енгізіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады. Бүгінгі үкімет кеңесінде бағдарлама жобасына енгізілген өзгерістер талқыланды.

  • 1 Наурыз 2005
  • 451
Фото - Caravan.kz

«Бағдарламаның басты мақсаты — қазіргі қолда бар тұрғын үй қорын дұрыс пайдалануға мүмкіндік тудыру, сондай-ақ, онда тұратын адамдар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасау болып табылады». Жоба авторларының пайымдауынша, құрылыс және қаржылық шешімдерге деген қазіргі заманғы көзқарасқа басымдық берілуі тиіс.

Атап айтсақ, бағдарлама жобасына сәйкес кондоминимумды күрделі жөндеуге қажетті қаржыны таба алмайтын отбасыларға тұрғын үй жәрдемақысын сатылы беру тетігі қолданысқа енгізілмекші. ҚР «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заңына сәйкес осындай тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілетті органдар анықтауы тиіс.
Бағдарлама жобасында сондай-ақ жергілікті атқарушы билік мекемелерінің жанынан тұрғын үй инспекцияларын құру қарастырылған. Олар баспана қожайындарына, тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ, жеке тұрғын үйлер мен баспанаға арналмаған мекен-жайларды жалдаушыларға заң бұзушылық оқиғалары мен нормативтік талаптарға сай келмеу оқиғалары туралы ескертулер жасап , талап хаттар жолдау міндетін атқарады.
Кеңеске қатысушылардың пікірінше, бағдарламаны жүзеге асыру «ұзақ мерзімді және тұрақты тұрғын үй қатынастарын қалыптастыруға, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуға, тұрғын үй қорының ахуалын бақылауға және оны тиімді басқаруға мүмкіндіктер тудыруға түрткі болмақ».
Үкімет басшысы жалпы атқарылған жұмыстарға оң баға бере отырып, бағдарлама жобасын әкімшіліктерге таратып, барлық мүдделі мекемелер мен коммуналдық сала қызметкерлерінің ұсыныстарын ескеру негізінде бағдарлама жобасын жан-жақты талқылып, толықтыруға тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта