Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2013 жылы Астана бойынша 1,6 миллиард теңге бөлу көзделуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2013 жылы Астана бойынша 1,6 миллиард теңге бөлу көзделуде

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2013 жылы Астана бойынша 1,6 миллиард теңге бөлу көзделуде

Қазақстанның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2013 жылы Астана бойынша 1,6 миллиард теңге бөлу көзделуде.

  • 30 Қазан 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде бүгін Астана қаласында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы нысандарына жасалған баспасөз туры кезінде елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚР Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында, 2011-2012 жылдары 10 көппәтерлі үй күрделі және 9 үй ағымдық жөндеуден өткен. Сонымен қатар 5 ескі лифт ауыстырылған. Бұның барлығына республикалық бюджеттен 776 миллионнан астам теңге жұмсалған.

«Көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу кезінде біз онда инженерлік желілерді толығымен ауыстырдық. Ол жердегі жертөлелер, жылуға кететін шығындарды әлдеқайда төмендетуге мүмкіндік беретін жылыту пунктары орнатылды, электрожабдықтау құрылымдары, шатырлары, кіреберістері жаңартылып, балаларға арналған ойын алаңдары салынды», — дейді Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Әлихан Қуатбеков.

Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлердің 32 пайызы күрделі жөндеуді талап етеді. Бұл — еліміздегі тұрғын үй қорының үштен бірі. Аталмыш бағдарлама аясында 10 жылда 11624 тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар