Сюмер Изгюдің сахнадағы орындауы алдымен YouTube арқылы танылып, кейін «Қамажай» Facebook желісінде жарияланды. Аранжировкада өңделген әннің тамаша шыққаны соншалық, көптеген қазақстандықтар өздерінің халық әндерін қайта танығандай болды.
Сюмер Изгю — аты әлемге әйгілі әнші. Оның концерттері Германия, Италия, АҚШ, Бельгия және Швеция елдерінде жиі өтіп тұрады. «Өнер иесінің Қазақстандағы фанаттары әртісті елге қонаққа шақыруды талап етіп отыр», — деп атап өтті басылым.