Түрікменстан президенті Орталық Азия басшыларының кездесу форматын өзгертуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстан президенті Орталық Азия басшыларының кездесу форматын өзгертуді ұсынды

Түрікменстан президенті Орталық Азия басшыларының кездесу форматын өзгертуді ұсынды

Түрікменстан президенті Орталық Азия елдері басшыларының Кеңесін құруды ұсынды.

  • 26 Сәуiр 2018
  • 20
Фото - Caravan.kz

Оның пікірінше, Орталық Азия басшыларының Кеңес беру алқасы деген жаңа ұйым жүйелі түрде, әр елдің астанасында өтіп тұру керек, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Түрікменстанның ресми басылымдарының жазуынша, Бердімұхамедов бастамасымен бесжақты эксперттік топ құрылу қарастырылып жатыр. Онда жаңа құрылатын Кеңестің құрылымы мен ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

Түрікмен президентінің бұл бастамасы Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуінен бір ай өткен соң көтерілді. Бұл кездесуге Бердімұхамедов өзі бармай, ұлы Сердар Бердімұхамедовті жіберген.

15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия басшыларының бас қосуы бірінші кеңесу отырысы деп аталған. Бұл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасымен өткен. Соңғы бас қосуда Орталық Азия елдері басшылары жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп тұруға келіскен. Келесі бас қосу 2019 жылдың наурыз айында Ташкентте жоспарланып отыр.


 

Соңғы жаңалықтар