Түрікменстан президенті Түрікменстан-Иран бағытында мұнай құбырын тартуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстан президенті Түрікменстан-Иран бағытында мұнай құбырын тартуды ұсынды

Түрікменстан президенті Түрікменстан-Иран бағытында мұнай құбырын тартуды ұсынды

Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов Иран жағына Түрікменстан-Иран бағытында мұнай құбырын тартуды ұсынды,- деп хабарлайды turkmenistan.ru сайты осы елдің Мемлекеттік жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қаңтар 2004
  • 551
Фото - Caravan.kz

Бұл мәселелер Түрікменстан президенті мен осы елге ресми сапармен келген Иран сыртқы істер министрі Камаль Харразидің кездесуінде сарапқа салынды. Түрікменстан президентімен келіссөздерден кейін Иран сыртқы істер министрінің журналистерге хабарлауынша, Иран Түрікменстаннан тасымалданатын мұнай мөлшерін арттыруға мүдделі. К.Харразидің пікірінше, екі мемлекет арасында өзара жыл сайынғы тауар айналымын қазіргі 500 млн. доллардан 1 млрд. долларға дейін жеткізуге мүмкіндік толық.

Түрікменстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, келіссөздер барысында екі ел арасындағы әріптестік аясындағы бірқатар жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы талқыланды. Осы орайда С.Ниязов екі мемлекеттің шекарасында «Достлук» бөгеті мен осы аттас су қоймасын салу жұмыстарын мерзімінен бұрын бітіруге құлшыныс танытты. Бұл екі ел аумағында да 25 мың гектар ауылшаруашылығы алқаптарын суландыруға мүмкіндік береді. Түрікменстан президенті сондай-ақ, Иран жағын Түрікменстандағы мұнайхимиясы саласының қуатын арттыруға бағытталған жобаларға, соның ішінде полипропилен және сұйытылған газ өндіру жөніндегі жаңа жобаларға атсалысуға шақырды.
Кездесуде назар төріне алынған мәселелерді экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Түрікменстан-Иран комиссиясының алдағы көктемде Тегеранда өтетін сегізінші отырысы барысында жалғастыру ұйғарылды.
Кездесу барысында тараптар сондай-ақ, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған барлық проблемалар бойынша пікір алмасты. Бұл орайда Каспийді қоршай орналасқан бес мемлекеттен де ойламды қадамдарды талап ететін осынау күрделі мәселеде бірлесе шешім қабылдаудың маңызы тағы бір атап өтілді. Осы мақсатта аймақтағы бейбітшілік пен ынтымақтастықтың маңызды факторына айналуы тиіс бірегей су қоймасына қатысты көзқарастар мен позицияларды одан бетер жақындастыра түсуге бағытталған мемлекетаралық консультациялар жалғасын табуы тиес екендігі атап көрсетілді.
Сол күні Иран СІМ ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұра» тізіміне қамтылған «Ежелгі Мерв» атты Мемлекеттік тарихи-мәдени қорықта болып бірегей археологиялық ескерткіштермен танысты.

Соңғы жаңалықтар