Келісімге Түрікменбашы қаласына таяу жерде Каспий теңізінің жағалауында орналасқан «Сердар» қонақ үйінде 11-шілдеде қол қойылды. Құжаттарға қол қою рәсіміне Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов , «Украина мұнайгазы» Ұлттық акционерлік компаниясы мен «ИТЕРА» халықаралық компаниялар тобының президенттері Юрий Бойко мен Игорь Макаровтар қатысты.
Сондай-ақ, өзара газ саудасы жөніндегі келісім шартына қол қойылуына 25-жыл толу мерейтойына орай «Газпром» ААҚ да 2004-жылы Түрікменстаннан алғашқы 6 млрд. текше метр газды сатып алмақшы.
2003-жылы Түрікменстан жалпы 2,5 млрд. теңгеге 51 млрд. текше метр көгілдір отын экспортқа шығарады.