Түрікменстан және Әзербайжан президенттері бірлескен мәлімдемеге және бірқатар келісімдерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстан және Әзербайжан президенттері бірлескен мәлімдемеге және бірқатар келісімдерге қол қойды

Түрікменстан және Әзербайжан президенттері бірлескен мәлімдемеге және бірқатар келісімдерге қол қойды

Ашхабат. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстан және Әзербайжан президенттерінің ресми келіссөздері кезінде бірлескен мәлімдемеге және бірқатар келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Мамыр 2008
  • 405
Фото - Caravan.kz

Атап өтер болсақ, қаржы министрліктері арасында , сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық жасау жөніндегі келіссөздерге, сауда-өндірістік палаталары арасындағы ынтымақтастық жасау жөніндегі, халықаралық жүк тасымалдары жөніндегі үкіметаралық келіссөздерге, халықаралық көлік тасымалын жасау жөніндегі, стандарттау, метрология және аккредитация саласында, жастар және спорт саласындағы ынтымақтастықтарын жасау жөніндегі келіссөздерге қол қойылды.

«Біз бұл сапарға ерекше мән беріп отырмыз», — деді Әзербайжан президенті И. Алиев бірлескен мәлімдемеге қол қойғаннан соң. Келіссөздер кезінде екі жақ аумақтың қауіпсіздігін күшейту мәселесіне көңіл бөлді. Сондай-ақ көлік, энергетика, каспий мәселелері талқыланды. » Қол қойылған құжаттар, ынтымақтастың жасаудың ауқымын кеңейтіп көрсетіп отыр, бірақ бұл оларды шектемейді . Менің пікірімше, басталған сапар ойдағыдай өтеді деп сенемін «, — деді Алиев.

Алайда, президенттер ең басты Каспийді бөлу мәселесі бойынша келісімге қол жеткізе алмады. «Олар жақын уақытта «Каспий конференциясы» аясында бұл мәселеге қайта оралу жөнінде шешім қабылдады», деп хабарлады агенттікке әзербайжан президенті аппаратындағы ақпарат көздері.

Сонымен қатар, 20 мамырда Бердымухаммедов Бакудың мемлекеттік университетіне барады, онда оған құрметті доктор атағы беріледі. Сондай-ақ, түркмен басшысы сапар аясында Түрікменстанның Әзербайжандағы елшілігін ресми түрде ашады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті