Түрікменстанның бірнеше ауданында ұн тапшылығы байқалуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rus.ozodlik.org-қа сілтеме жасап.
Мары және Ахал облыстарында ұн жетіспеушілігімен қатар жоғары сұрыпты ұн бағасы екі есе қымбаттап кеткен.
«Орташа алғанда бір қап жоғары сұрыпты ұнның бағасы 50 манат (шамамен 14 доллар) болған, ал қазір 100 манаттан жоғары», — дейді әңгімелесуші.
Сондай-ақ, ол тіпті мұндай бағаның өзіне ұн табу қиын болып тұрғанын айтады.
Марыдағы дереккөзінің хабарлауынша, Мары мен Түрікменабад арасында адамдарды тасымалдайтын таксистер жолаушылармен бірге ұн да тасып жүргендерін айтуда.
«Лабапедегі көпшілік тұрғын ұн тапшылығын байқап, артық қор жинауда», — дейді аймақтағы дереккөзі.
Ұн тапшылығы тіпті Ашхабадтағы тұрғындар арасында да байқалуда. Куәгерлердің айтуынша, қазіргі таңда барлық «Түрікменбакалея» мемлекеттік дүкендер желісінде сырттан әкелінетін ұн мүлде сатылып жатқан жоқ. Сондай-ақ, жергілікті жердің өндірісіндегі ұн тапшылығы да байқалуда.
Дереккөзінің айтуынша, бұл елде қазір ресейлік және қазақстандық өндірістегі ұнға сұраныс артқан. Оның өзі кейбір жекеменшік дүкендерде ғана сатылуда.
Ашхабадтағы мемлекеттік дүкендердің қызметкерлері жоғары сұрыпты ұн тапшылығына сұраныстың көптігі себеп болғанын айтады.
«Бізде ұн сатуда шектеу қою туралы нұсқау болған жоқ, сол себепті ұн қалай келеді, сол кезде бірден сатамыз» дейді олар.