Түрікменстанда ұлттық парламент- меджилис сайлауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрікменстанда ұлттық парламент- меджилис сайлауы өтті

Түрікменстанда ұлттық парламент- меджилис сайлауы өтті

19-желтоқсанда жергілікті уақытпен 18 сағатта (Мәскеу уақыты бойынша 16 сағатта) Түрікменстанда ұлттық парламент - меджилистің сайлауы бойынша дауыс беру аяқталды,- деп хабарлайды turkmenistan.ru. сайты республика орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасай отырып.

  • 20 Желтоқсан 2004
  • 416
Фото - Caravan.kz

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12 -де комиссия төрағасы Мурад Каррыев үшінші шақырылған меджилис сайлауы заңды өтті деп танылғанын журналистерге хабарлады. Осы уақытқа дейін ел ішінде тіркелген сайлаушылардың 61,38 проценті сайлау учаскелеріне келген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сайлауды өткізу үшін 50 сайлау округі мен 1610 сайлау учаскесі құрылды. Соңғы мәлімет бойынша, парламенттегі 50 орын үшін 131 үміткер бақ сынады. Республиканың орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлау учаскелеріне жалпы дауыс беру құқығы бар сайлаушылардың 76,88 проценті, немесе, 1 млн. 915 мың сайлаушы келген. Орталық сайлау комиссиясы басшысының айтуынша, сайлау барысында заң бұзушылық болған жоқ, дауыс беру барысын ұлттық 200 бақылаушы қадағалады.
Ақырғы мәліметтер бүгін, 20-желтоқсанда мәлім болады, ал дауыс беру барысында жеңіске жеткендердің тізімі 10 күнде жарияланады.

Перейти к новостям спорта